Специальные проекты

Анонс «Болашақ жастары – болашақ энергиясы» шығармашылық жарысы

«EXPO-2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында «KAZENERGY» Ассоциациясы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясымен бірігіп дарынды жастарға арналған «Болашақ жастары – болашақ энергиясы» республикалық шығармашылық жарысын өткізуде.

Қазақстан ЮНЕСКО Клубтарының жас мүшелерін біріктіру мақсатында бүкіләлемдік іс-шара аясында балаларға жаңа баламалы энергия көздеріне қатысты оз ойларын білдіру ұсынылды. Шығармашылық жұмыстар келесі үш номинация бойынша қабылданады: «Әлемдік энергетикадағы Қазақстанның рөлі», «Жастар болашақ энергиясы үшін», «EXPO: пайда болу және даму тарихы».

Жұмыстар сурет, кескіндеме, мүсін, қолөнер, интерьер дизайны, ландшафт дизайны, жобалық пішіндеу, витраж және көркемсурет (фото) техникаларында орындалған болуы қажет. Жобаға қатысуға 12 мен 17 жас аралығындағы Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының мүшелері шақырылады.

Жұмыстарды 2017 жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасы, Астана қ. 010000, Желтоқсан көшесі 36 мекен-жайына, қатысу өтініштерін art.kazfuca@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет.

Үш номинация бойынша жеңімпаздар Халықаралық мамандандарылған «EXPO-2017» көрмесінің ашылу салтанатына шақырылады. Жобаның нәтижесінде екі шығармашылық көрме: Министрлер кездесуі мен VIII «Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу» халықаралық форумы (11-14 маусым 2017 жыл) және «Болашақ энергиясына бастар жол» XI Еуразиялық «KAZENERGY» форумы (8-9 қыркүйек 2017 жыл) іс-шараларының негізінде өткізіледі.

Жарыс жайлы толық ақпарат пен қатысу ережелерін http://www.kazfuca.kz/ru/publication.php?q=expo1 сілтемесі бойынша біле аласыз.

Скачать положение