ҚҰРМЕТТІ ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР!
БҰҰ аймақтық комиссияларымен бірлесіп ұйымдастырылатын «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» министрлік конференциясы және 8-ші Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі халықаралық форум кезінде Астана қаласында сіздерге жайлы жағдай жасау мақсатында Ұйымдастырушылар аталмыш шараның делегаттарына 2026 жылғы маусымның 9-ы мен 15-і аралығында қонақүйлерде арнайы жеңілдіктер жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Шараның ресми серіктес-отельдері:
- MARRIOTT ASTANA***** отелі (қатысушыларға арналған арнайы шарттар – сілтеме түрінде)
- HILTON GARDEN Inn ASTANA**** отелі (қатысушыларға арналған арнайы шарттар – сілтеме түрінде)
Балама серіктес-отельдер:
- RIXOS PRESIDENT ASTANA***** отелі (қатысушыларға арналған арнайы шарттар – сілтеме түрінде)
- RITZ CARLTON ASTANA***** отелі (қатысушыларға арналған арнайы шарттар – сілтеме түрінде)
- KAZZHOL**** отелі (қатысушыларға арналған арнайы шарттар – сілтеме түрінде)
Астана ЭКСПО-2026 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына байланысты «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» министрлік конференциясын және 8-ші Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі халықаралық форумын өткізу кезеңі делегаттардың қатысуы үшін талап етіліп отырғанын естеріңізге саламыз.
Осыған байланысты өз сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды және біздің серіктес-отельдердің арнайы бағамен берілетін нөмірлерінің саны шектеулі екенін ескеруді сұраймыз.
Делегаттарды орналастыратын агенттің байланыс деректері:
__________________
__________________

