Құрметті қатысушылар!
Қазақстан заманауи энергетикалық қызметтерге универсалды қол жеткізу, энергия тиімділігін арттыру және жаңармалы энергияны пайдалануды ұлғайту бойынша «Жалпыға бірдей тұрақты энергетика» (SE4ALL) бастамасының ұстанушысы болып табылады.
Осы бағытта прогреске қол жеткізу үшін біз сіздерді БҰҰ 5 аймақтық комиссиясы және басқа да мамандандырылған ұйымдары бірлесіп өткізгелі жатқан «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» министрлік конференциясының және 8-ші Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі халықаралық форумының жұмысына қатысуға шақырып отырмыз.
Сіздердің ЭКСПО-2026 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде Астанаға келулеріңіз энергетика министрлерімен, әлемдік жетекші сарапшылармен және беделді халықаралық энергетикалық ұйымдардың басшыларымен кездесуге тамаша мүмкіндік туғызып отыр. KAZENERGY қауымдастығы энергетикалық нарықтың жаңа бизнес модельдер жағына қарай трансформациялануын және озық тәэірибені басқару бойынша келесі қадамдарды анықтау үшін бұл диалогты және бірлескен серіктестік форматына барлық тараптардың тартылуын толығымен қолдайды.
Алғаш рет өткізілгелі отырған Энергетика жөніндегі мәжіліс таза энергетиканы дамыту жөніндегі сын-қатерлерге жауап іздеуге, табиғи энергетикалық ресурстарды тұрақты пайдалану бойынша шешімдерді табуға, энергетикалық тиімділік бойынша серіктестікке және «жасыл» технологияларды табыстауға арналады.
Біз Астанада министрлер қабылдаған уағдаластықтар БҰҰ шеңберіндегі ұжымдық уағдаластықтардың іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша әрі қарайғы жұмыстарда өз жалғасын табатынына сенім білдіреміз.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші Сессиясы барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Астана қ. БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын құру жөнінде бастама көтерді.
Энергетика жөніндегі министрлік мәжіліс — халықаралық орталықты қолдауға, оның келешекте болашақ ұрпаққа ұсынатын үлесін талқылауға берілген ерекше мүмкіндік.
Қазақстан қазірдің өзінде тұрақты даму саласында бірқатар жетістіктерге жетті және бұдан әрі табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалану арқылы экономиканы әртараптандыруды жоспарлап отыр. Ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың тиімділігін арттыру, сонымен қатар жасыл инфрақұрылымды құру біздің еліміздің ағымдағы басымдықтары болып табылады. Жаңармалы энергия көздеріне салынатын инвестициялар тұрақты түрде өсуде.
Мен Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру прогресі Қазақстанға адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша міндеттерге қол жеткізуіне көмектесетініне сенімдімін. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясын, Бес институционалдық реформаны және 100 Нақты Қадамды қоса алғанда еліміздің қазіргі стратегиялары мен басымдықтары ТДМ қол жеткізу шеңберінде орындалуда.
Біз мүдделі елдер мен бизнес-құрылымдарды реформалар жүргізуге бағытталған өршіл күн тәртібінде бірлесіп еңбек етуге шақырамыз.
Мен бірлескен жұмыстарымыз бен серіктестігіміз арқылы алға қойылған міндеттерді шеше алатынымызға сенімдімін.

