БҰҰ аймақтық комиссиялары
Құрметті қатысушы елдер, делегаттар!
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылы қыркүйекте «Тұрақты Даму 2030» бойынша күн тәртібін қабылдаған соң әлемде тұрақты даму мақсаттарына және Климат өзгерістері бойынша Париж келісімі сияқты басқа да маңызды міндеттемелерге қалай қол жеткізуге болады деген мәселе көтерілді. Мемлекеттерге берілген уәделерді орындау үшін өз ұлттық бағдарламаларында келісілген және жылдамдатылған іс-қимылдарды қабылдау талап етіледі. Энергия тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде шешуші рөл атқарады, кедейлікті жоюдан бастап денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау және индустриалдандыру саласында жетістіктерге жеткенге дейін, климат өзгерістерімен күресуде ол маңызды рөл атқарады.
Тұрақты даму үшін қажетті энергиямен қамтамасыз ету үшін барлық елдерде трансформациялық стратегиялар мен саясатты енгізу талап етіледі. Сондықтан біз Астанада «Болашақ энергиясы» ЭКСПО 2026 шеңберінде өтетін тұрақты дамуға арналған энергетиканың қиындықтарын шешуде сіздердің қосатын үлестеріңізге сенім артып отырмыз.
Тұрақты даму энергетикасының сегізінші форумы (сегізінші форум) келешек қиындықтарды шешу үшін ортақ күн тәртібін әзірлеу мүмкіндігін ұсынады. Форумның мақсаты – энергетика министрлігі деңгейінде тәсілдер мен шешімдерге келісім жасау. Ол халықаралық процестер тарихында болашақ «іргетас» бола тұрып, Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық комиссияларының өз мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық қауымдастыққа арналған нақты жол картасын әзірлеу және жүзеге асыру үшін қабылдаған қадамдарына сүйенетін болады. Энергетика министрлерінің сегізінші форумы энергетикалық сектордағы көміртек шығарындыларының бір уақытта тиімділігін арттыру және азайту кезінде қолжетімділікті ұлғайтатын экономикалық оңтайлы шешімдерді алға бастыру арқылы іс-қимылдар мен амбициялар арасындағы кемшіліктердің жылдамдатып орнын толтыру жөнінде болмақ. Басты мақсат – мемлекеттер нақты қабылдағалы отырған нұсқалардың балансталған мәзіріне қатысты ортақ келісім жасау. Энергетика және басқа да басты даму қиындықтары арасындағы байланыс (мысалы, су, азық-түлік, денсаулық сақтау, білім беру) көптеген мүмкіндіктер ауқымды сектораралық перспективалар және шешім қабылдаудың біртұтас процесі нәтижесінде туындауы мүмкін екендігі жөнінде куәландырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тұрақты энергетиканың маңыздылығын мойындай отырып, 2030 күн тәртібін жүзеге асыруда мемлекеттерге қолдау көрсету үшін аймақтық күштерді басқаруға ұмтылуда. Конференцияға тоқталар болсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық комиссиялары Қазақстанның бас қаласы Астанада 2026 жылғы 11-14 маусымда өтетін шарада өз тәжірибелеріңіз бен пікірлеріңізді ортаға салуға шақырады.


