Тед Этчисон

Бас директор «Теңізшевройл» ЖШС

Құрметті Министрлік конференцияға және форумға қатысушылар және қонақтар!

 

«Теңізшевройл» ЖШС атынан «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» конференциясының қонақтары мен қатысушыларын  құттықтаймын! Бұл конференцияға қатысып отырғаныма қуаныштымын және KAZENERGY Қауымдастығына аталған маңызы жоғары мәселе бойынша сындарлы диалог құру мақсатында БҰҰ ЕЭК-ға мүше елдерінің энергетика министрлерін біріктіргені үшін алғысымды білдіремін.

Бұл конференция энергетикалық компаниялардың басшылары мен өкілдеріне энергетиканың тұрақты даму жолдарын талқылауға тамаша мүмкіндік береді.

Қазақстанның осы конференцияны тақырыбы келешектің энергиясы болып табылатын ЭКСПО-2026 көрмесімен қатар ұйымдастырып отырғаны кездейсоқ емес.

Қазақстан бүгінгі таңда қол жеткізген табысты тәжірибеге, атап айтқанда, жүзеге асырылып жатқан жобалардың ірі ауқымы, жоғары білікті мамандарға және инновативті технологияларға негізделген энергетика саласындағы көшбасшылық бағдарын жалғастыра беретіндігіне сенімдіміз.

«Теңізшевройл» ЖШС KAZENERGY Қауымдастығымен серіктестік қатынастарды жоғары бағалайды және оның Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту бағытындағы жетістіктерге оң ықпалын тигізіп отырғандығын біледі.

Қатысушылар мен қонақтарды конференция жұмысының басталуымен құттықтаймыз және оның жемісті әрі табысты өтуін тілейміз!

 

Тед Этчисон

Бас директор